Мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер біліктілігін көтерді

60

0

Мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер біліктілігін көтерді«Атамекен» ҰКП жанындағы «Агробіліктілік орталығы» ЖШС мен Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен ауылшаруашылығы саласы бойынша кәсіппен айналысатын азаматтарға арналған семинарлар бұл жолы Жаңақорған, Сырдария аудандарында өтті. 
Жаңақорған ауданындағы  «Миялы», Сырдария ауданындағы «Ақжарма Инвест»  ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің базасында өткен «Мал шаруашылығындағы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы кооперациясы негіздері» бағытындағы семинарда «Агробіліктілік Орталығы» ЖШС сарапшысы Өкісікбаев Мырзахмет дәріс оқыды. Семинарда мал шаруашылығы саласында құрылған агроөнеркәсіптік кешен жұмысын тиімді ұйымдастыру, өндірілген өнімді тиімді бағада сату және өткізу жолдары қарастырылды және  басқа да құрылған кооперативтермен тәжірбие алмасу жүргізілді.  
Шараға қатысқан 38 адамға арнайы сертификаттар табыс етілді. «Жалпы биыл 8 базалық шаруашылықта семинарлар өткізу жоспарланған болатын. Басым бөлігі өтті. Семинарларды ұйымдастыру барысында екі кезеңге бөліп қарастырдық. Біріншісі – өсімдік шаруашылығы бойынша, екіншісі – мал шаруашылығы бойынша.Семинарларды салада тәжірибесі, ғылыми атақтары бар лекторлар дәріс оқыды. Шараға қатысу тегін, семинар қорытындысымен ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне сертификаттар берілуде», – дейді Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Алма Пірманова.
Ауылшаруашылық тауар өндірушілерге мемлекеттен көрсетілетін қолдаулардың барлық түрлері туралы ақпарат алғыңыз келсе,  «Атамекен» ҰКП байланыс орталығының 8-8000808010 нөміріне хабарласа аласыздар. 
Онлайн өтініш беру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған fermers.kz веб-порталы жұмыс жасайды.
 
Қызылорда облысы 
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз