Мал шығынына ұшыраған шаруаларға өтемақы төленуде

53

0

Мал шығынына ұшыраған шаруаларға өтемақы төленудеШілденің басында Жаңақорған ауданына қарасты 5 шаруа қожалығында мыңнан
астам қой-қозы шығынға ұшыраған болатын. Осының салдарынан ауданда
төтенше жағдай жарияланып, ауырған малдарды оқшаулау, емдеу шаралары
жүзеге асырылды. Індет ошағында зерттеу-сараптау жұмыстарын жүргізген
ветеринарлар, малдың қырылуына эндотоксимия және пастереллез індеті
себеп болды деген қорытынды жасады. Қазіргі таңда ауру малдарды
санитарлық союға және мал иесіне өтемақы төлеуге жергілікті бюджеттен 16
млн. теңге бөлініп, қолдағы түлігінен айырылған шаруалардың шығыны
өтелуде. Кеше облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде облыс әкімі
Қырымбек Көшербаев мал шығыны қайталанбауын қатаң ескертті.
    – Қызылорда облысында аптап ыстық жиі болатынын жақсы білесіздер.
Сол үшін осындай жағдай тағы қайталанбауын қатаң бақылауға алып, тиісті
жұмыстар жүргізілу керек. Биыл біз буферлік аймақтан шығып, етті
экспортқа шығаруымыз керек. Ет өндіру көлемін арттыру  мақсатында жақын
арада Жаңақорғанда ет өңдеу комбинатының құрылысы басталмақ. Сондай-ақ,
Сырдария ауданына қарасты Шаған елді мекенінде 3000 бастық мал
бордақылау алаңының құрылысы басталды. Дәл осындай мал бордақылау алаңы
Жалағаш ауданында да салынатын болады, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
    Облыс көлемінде мал ауруларының алдын алу бағытындағы шаралар
туралы баяндаған облыстық ветеринариялық бақылау басқармасының басшысы
Ерсұлтан Апетов, соңғы бір аптадағы тексеріс бойынша Бесарық, Көбелдес
шаруа қожалықтарында мал өлімі тоқтағанын айтты. Басқарма тарапынан
шаруа қожалықтарында шығынға ұшырыған  және ауырып тұрған малдарға
күнделікті бақылау жасалып, тиісті  емдеу шаралары уақытылы жүргізілуде.
Бүгінгі күні емдеу шараларының арқасында отарға қайта қосылып жатқан
түлік қарасы да жоқ емес. Ал, ауырып өлген малдар тау бөктерінде
болғаннан кейін жылжымалы инсинератор пештерінде және мал қорымдарында
өртеліп жойылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз