Мал тұқымын асылдандыруға мән берілді

34

0

Мал тұқымын асылдандыруға мән берілді   Қызылорда. Облыста мал тұқымын асылдандыру мәселесіне өз деңгейінде мән берілуде. Өткен жылы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ арқылы Сыр өңіріндегі 73 шаруа қожалығы  468,3 млн. теңге несиеге қол жеткізіп, оған 2644 бас сиыр және 142 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа алды. 
   Облыс әкімінің баспасөз қызметі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына сілтеме жасай отырып «Бұдан өзге шаруашылықтардың өз қаржылары есебінен ет бағытындағы асыл тұқымды «Қазақтың ақбас» сиыры тұқымының 100 бас қашары мен 20 бас бұқасын және «ҚазАгроӨнім» АҚ-на еншілес «KazMeat» ЖШС-нен  ет бағытындағы мал шаруашылығын ұйымдастыру мақсатында 37 млн. теңге несие алды» деп хабарлайды. Оған 210 бас тауарлы сиыр және 7 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа сатып алынған. Жыл басынан бері облыс бойынша аталған бағдарлама аясында барлығы 2954 бас сиыр мен 169 бас бұқа сатып алынып, жоспар 123,1 пайызға орындалды. «Сыбаға» бағдарламасының аясында ағымдағы жылы 500 бас мүйізді ірі қара малына арналған жалпы құны 139,0 млн. теңгені құрайтын бір мал бордақылау алаңының құрылысы қазан айында бітіп, іске қосылды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз