МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА КОУЧИНГ ӨТТІ

43

0

МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА КОУЧИНГ ӨТТІАрал қаласындағы №83 орта мектебінде мұғалімдер арасында
коучинг өткізілді. «Ұстаздың
саяси қарым – қабілеті туралы не білеміз?» тақырыбындағы коучингке мектептердегі
шығармашылық топ қоғамдастығының мұғалімдері қатысты. Оларды аудан әкімінің
орынбасары Қуаныш Жанұзақов ұстаздар күнімен құттықтап, коучинг-сабақтарына
сәттілік тіледі.

Мұғалімдер төрт топқа бөлініп, презентация арқылы
берілген тапсырмаларды орындады. Төрт түрлі жеміс таңдалынып, сол бойынша қатысушылар өз ойларын
ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Уақыт біткен соң топ мүшелері бір-бірін
табыс критерийі бойынша бағалады. Коучингке қатысқан мұғалімдер өз
ризашылықтарын білдіріп, осындай сергіту сабақтары жиі өткізіліп тұрса деген
тілектерін айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз