Мұғалімдердің жалақысы 2016 жылдан бастап 27%-ға артады

51

0

Мұғалімдердің жалақысы 2016 жылдан бастап 27%-ға артадыАлматыда өтіп жатқан ұстаздардың тамыз кеңесі барысында ҚР
Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев күрделі экономикалық
ахуал жағдайындағы оқытушылардың материалдық жағдайы жайлы айтты. 

«Өздеріңіз
кеше естігендей, ҚР Мемлекет басшысы 2017 жылдың 1 қаңтарынан жалақы
деңгейін көтеру туралы айтып жүрген еді. Енді инфляциялық таргеттеуінен
соң президент мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 2016 жылдың
қаңтарынан көтеруге тапсырма берді. Жалақы оқытушының біліктілігіне
байланысты шамамен 27%-ға артады»,- деді Б.Сапарбаев.
Оңтүстік астананың ұстаздар қауымы аталған жаңалықты қуана қабылдады.

Сондай-ақ,
шара барысында премьер-министрдің орынбасары мектептердің
материалдық-техникалық жабдықталуы, апатты және үш маусымды мектептердің
жою, жаңа балабақша нысандарының құрылысы туралы да тілге тиек етті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз