Мұғалімдерге 2 млн. теңге берілді

51

0

Мұғалімдерге 2 млн. теңге берілдіКеше Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Ұстаздар мерекесіне орай «Қалдырған ізің мәңгілік…» тақырыбында салтанатты шара өтті. Жиында облыс әкімі Қ.Көшербаев алдымен аймақтағы білім саласындағы ауқымды жұмыстарға тоқталып, мұғалімдерді мерекелерімен құттықтады.
– Соңғы төрт жылда Қызылорда облысында білім беру саласының бюджеті екі есеге артты. Биылғы жылдың өзінде білім беру саласына облыс бюджетінің 38 пайызы, нақтырақ айтсақ, 75 миллиард теңге бөлінді. «Серпін» бағдарламасы бойынша 3829, Ресейдің үздік жоғарғы оқу орындарындағы 390 түлектердің Сыр елінің жастары екендігі бізді қуантады. Білім беруді тәрбиемен жаңаша ұштастырып, оның сапасын көтеру – мәртебесі биік, маңызы зор, жалпыұлттық мүдде. Сол ұлы істе абыройларыңыз асқақ болсын, мәртебелі ұстаздар! Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын! – деп, облыс басшысы Қ.Көшербаев білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарды марапаттады.
Сонымен қатар «Үздік мұғалім – 2016» номинациясы бойынша М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің мұғалімі Гүлжайна Әбиева, дарынды балаларға арналған №4 мектептің мұғалімі Шаһизат Бейсенова, №3 мектеп-гимназиясының мұғалімі Салтанат Тәжетаева және «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» мұғалімі Жадыра Әжібаева 2 млн. теңгеге ие болды. 
Айта кетейік, облыста жалпы орта білім беретін мектептерде барлығы 18423 мұғалім қызмет етеді. Оның ішінде бірінші және жоғары санатты мұғалімдердің үлесі 45,5 пайызды құрайды.
Мұғалімдерге 2 млн. теңге берілдіМұғалімдерге 2 млн. теңге берілді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз