Мамандандырылған ХҚКО қызмет көрсету аясы кеңейіп келеді

45

0

Мамандандырылған ХҚКО қызмет көрсету аясы кеңейіп келедіАлматы қаласының тұрғындары жүргізуші куәлігін алу үшін келгенде медициналық анықтаманы да осы орталықта орналасқан дәрігерлік комиссиядан алады.
 
Орталыққа жүргізуші куәлігін алу үшін күніне 300-400-дей өтініш түседі екен. Комиссия құрамындағы дәрігерлер азаматтарды ақылы түрде қарап, аз уақыт ішінде дәрігерлік анықтама береді. Жыл соңында мұндай қызмет Астана қаласында да көрсетіле бастайды. Енді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жүргізуші куәлігін беру, автокөліктерді қайта тіркеу және сенімхат рәсімдеу сияқты үш қызмет түрін көрсетеді. 2015 жылдың басында осындай мекемені Қызылорда, Павлодар,Талдықорған және Петропавл қаласынан да ашу жоспарда бар.
 
Ерлан Шүренов, Алматы қаласы бойынша МХҚКО басшысы:
– Наркологиялық және психоневрологиялық диспансердің қызметкерлері және жүргізуші комиссияның бүкіл құрамы осы орталықта орналасты. Ақылы түрде қызмет беріледі. Осы анықтаманы 3500 теңге төлеп, алуға болады. Өтініш берілген уақыттан бастап 2 сағат ішінде жүргізуші куәлігі дайындалып қолына беріледі. Медициналық анықтама алу үшін 20 минут уақыт кетеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз