Мамандар кәсіпкерлерге кеңес берді

44

0

«Менің Қазақстаным» пойызының бағдарламасына сәйкес бірнеше нысандарда әр алуан шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі Арал аудандық кәсіпкерлік палатасындағы шаруасын нығайтып, жаңа кәсіп түрін ашамын деушілерге арналған кеңес отырысы.

Арал аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға арнайы қатысқан президиум мүшелерінің қатарындағы «Жастар кәсіпкерлерінің қолдау қоры» ҚҚ төрағасының орынбасары – Қарабалаев Әуез Қаныбекұлы, «Цеснабанк» АҚ бөлшек несие департаменінің бас маманы – Қасым Азамат Жақсыгелдіұлы, «Цеснабанк» АҚ шағын және орта бизнес департаменінің бас маманы – Исабеков Бернұр Аманберліұлы, «Ауыл шаруашылықты қаржылау қолдау қоры» АҚ-ның аппарат басшысы Көлдеев Марат Борашұлы, Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Күмісходжаев Ербол Серікбайұлы, Қызылорда облыстық «Халық банк» ШОБ бойынша аға менеджері Қажығалиева Салтанат, Қызылорда облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мобильдік кеңесшісі Матназаров Қуатбай, қаржылық аға менеджері Тұралиев Нұрлан, заңгер Жомартов Бағдат кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға оңтайлы жауаптар беріп, өз кеңестерімен бөлісті.

Атап айтар болсақ, мемлекеттік бағдарламалар бойынша несиенің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, несие бойынша ішінара кепілдік беру, инновациялық гранттар, инфроқұрылымдарды тарту, жер телімдерін бөлу және жылжымайтын мүліктерін кәсіпкерлік мақсатқа ауыстыру, «Шағын және моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша, қаржылай емес қолдау көрсету аясындағы яғни біліктілікті арттыру мақсатындағы оқу курстары бойынша,«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» бағдарламасы бойынша және құқықтық мәселелер аясында сұрақтар қамтылды. «Халық бизнес старт» жобасы бойынша ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие алу механизімі жөнінде ақпараттар берілді.

Арал қаласының тұрғындары ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер Көпбаева Ғазиза Битенқызы, Қуатов Елдос, Хамзаева Райкүл, Жақсықылыш кенті тұрғындары Баймырзаев Әміржан, Үмбетов Сейілхан бизнестерін ары қарай дамытуға көптеген жеңілдіктер мен қолдаулар жөнінде анық ақпарат алғанын айтып, мамандардың барлық сұрақтарына толықтай жауап бергені үшін өз ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз