Марафонда топ жарды

75

0

Марафонда топ жарды Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай, Қызылорда облысы ішкі істер департаментің қызметкерлері арасында жүгіруден марафон өткізілді. Марафон Сұлтан Бейбарыс көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысынан («Сыр Ана» монументінен) басталып, Есенов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысында («Еуразия» спорт кешені алаңында) мәресіне жетті. Командалық жарысқа Жергілікті полиция қызметінен, Қалалық ішкі істер басқармасынан және барлық сала қызметтерінен 250-ге жуық қызметкер қатыстырылды. Марафонның шарты бойынша 500 метр қашықтықты еңсеріп, мәре сызығын бірінші боп кескен 3 қызметкер  жарыс жеңімпаздары болып табылады.  
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Қалалық ішкі істер басқармасы Криминалды полиция бөлімінің кіші жедел уәкілі полиция сержанты Ербол Смагулов иеленсе, ІІ орынды Қалалық ішкі істер басқармасы Штаб бөлімшесінің инспекторы Нұрдаулат Пазылбекұлы қанжығасына байлады, ІІІ орынға Қалалық ішкі істер басқармасы Техникалық қызмет бөлімшесінің инженері полиция аға лейтенанты Бердібек Жақыпов табан тіреді. Ал ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы полиция майоры Гүлнар Дюсенова «Жеңіске жігерлік танытқаны үшін» атылымы бойынша марапатталса, ОІІД Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі полиция полковнигі Айдарбек Маншарипов «Жасы үлкен спортшы» атанды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қызылорда облысы ішкі істер департаменті басшылығы тарапынан мадақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетерлік жағдай, жеке құраммен тәрбие жұмысын ұйымдастыру, қызметкерлердің көпшілік-спорттық шараларға қатысуын назарда ұстау арқылы ұжымда моральдық-психологиялық, физиологиялық тұрғыда шыңдалған қызметкерлерді қалыптастыру мәселелері Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Кадр жұмысы басқармасының айрықша бақылауындағы іс.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіМарафонда топ жарды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз