Марста тіршілік іздейтін ExoMars-2016 миссиясы Байқоңырдан ұшырылды

47

0

Марста тіршілік іздейтін ExoMars-2016 миссиясы Байқоңырдан ұшырылдыЕуроодақ пен Ресей ынтымақтастығының тарихында алғаш рет Марстағы
тіршілікті зерттейтін ЕxoМars-2016-ны (ЭкзоМарс-2016) алып «Протон-М»
зымыран тасушысы Байқоңырдан ұшырылды, деп хабарлады ресейлік «РИА
Новости» агенттігі.

2016 жылғы миссиясының негізгі міндеті –
Марстағы тіршіліктің бар не жоқ екенін растай алатын метан газын планета
атмосферасынан іздейді, сондай-ақ 2018 жылға жоспарланған ExoMars
екінші экспедициясы үшін қажетті негізгі технологияларды тексереді.

«Протон» жоспарға сәйкес уақытта ұшырылды, – деді Ресейғарыш өкілі.

Миссияның екінші кезеңін 2018 жылы жүзеге асыру жоспарланған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз