«Масленица» мерекесі аталып өтті

44

0

«Масленица» мерекесі аталып өттіӘ.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі «Масленица» – «Құймақ» фольклорлық мерекесін өткізді.  

Дәстүрлі Масленица – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы мерекесіне арналған. Ұлы ораза алдындағы бір апта бойына жалғасатын мереке.
«Масленица» – «Құймақ» фольклорлық мерекесіне «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы өкілдері, №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектеп және мектеп жанындағы «Шаңырақ» клубы, №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің, №23 Ж.Қизатов атындағы, №264 мектеп-лицейдің оқушылары және «Олимп» балалардың бос уақытын өткізу орталығының бүлдіршіндері қатысты. Масленицада қатысушылар би билеп, ән салып, түрлі спорттық ойындар ойнады. «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының төрайымы Галина Щербакова және кітапхана басшысы Нұржамал Мырзамұратова барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады. «Славаяне» қоғамдық-мәдени орталығының өкілдері частушкалар айтып, би биледі.
Мерекеге қатысушылар дәстүрлі дастархан мәзірінен дәм татып, мерекелік шараны тамашалады.
Кітапханада «Широкая масленица» атты орыс салт-дәстүрлеріне арналған кең көлемді суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз