Маусымда «Астана-Сеул» бағытындағы рейстер ашылады

41

0

Маусымда «Астана-Сеул» бағытындағы рейстер ашылады«Эйр Астана» әуе компаниясының ұшақтары 2015 жылдың 2 маусымынан бастап
«Астана-Сеул» бағытында ұша бастайды. Бұл туралы әуе компаниясының
Фейсбук желісіндегі ресми парақшасында хабарланған. 

«Біз астаналарды
жаңа тура әуе рейстерімен қосуды жалғастырып, «Астана-Сеул» бағытының
ашылатыны жайлы қуана хабарлаймыз. Кореяның тарихы бай және ерекше
астанасына саяхатқа 2015 жылдың 2 маусымынан бастап қосылыңыздар»,
делінген хабарламада.

Аталмыш бағыт бойынша әуе билетінің бағасы
118 000 теңгеден басталады. Бұл сомаға әуежай жиыны кіреді, бірақ
сервис жиыны кірмейді.

ҚазАқпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз