Майдангер қарттармен кездесу өтті

47

0

Майдангер қарттармен кездесу өттіТарихтағы ерекше және киелі күн – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында
Қызылорда облысының Қазалы өңірінде түрлі шаралар өткізілуде. Соның бірі
«Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Ұлы Отан соғысының
ардагері Қайрадин Асқаров, тыл ардагерлері Патшагүл Жылқыбаева,
Жеткерген Пернешов, Жасқайрат Назарымбетовтермен кездесу ұйымдастырылды.
Бұл туралы Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кешегі
сұрапыл соғысты өз көздерімен көрген, Отан үшін жанын шүберекке түйіп,
еңбек еткен, жастық күндерін қиыншылық заманда өткізген ардагерлер соғыс
жылдарында жаумен қалай айқасқандығы, тылдағы еңбек жолдары туралы
әңгімеледі. Сондай-ақ,соғыстың қиындығы мен ауыртпалығы туралы
естеліктер айтып, бастарынан кешкен оқиғаларымен бөлісті.

Кейінгі ұрпақ үшін кеудесін оққа төсеген ардагерлеріміз қандай
құрметке де лайық деген жастар қарт майдангерлерге өз алғыстарын
білдіріп жатты. Ардагерлердің құрметіне өнерпаздар ән шырқап, өз
өнерлерін көрсетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз