Майк Тайсон Головкин – Альварес жекпе-жегі жайлы: \»Бүйрегім GGG-ге бұрып тұр\»

54

0

Аңызға айналған кәсіпқой боксшы Майк Тайсон Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегі жайлы пікірін білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Головкин тек жеңіспен келеді. Енді оның жеңгені керек. Әрине, бүйрегім GGG-ге бұрып тұр», – деді Тайсон Алматыдағы Synergy Global forum шарасында.  Сондай-ақ, боксшы қазақстандық спортшыларға кеңес берді. «Қазақстандық боксшылар көбірек жаттығып, алған бетінен қайтпауы керек. Мектеп жақсы және барлығының қолынан келеді. Мысалы, Головкин – жақсы боксшы. Сіздер Головкинді жақсы көресіздер ғой. Көптеген қазақстандық боксшы Геннадий сияқты бола алады», – деп есептейді Тайсон.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз