Майя Манеза жол көлік оқиғасына ұшырады

50

0

Майя Манеза жол көлік оқиғасына ұшырадыАуыр атлетикадан әлемнің екі дүркін чемпионы және Олимпиада ойындарының жеңімпазы қазақстандық Майя Манеза жол көлік оқиғасына ұшырады деп хабарлайды СТВ телеарнасы.

Спортшының күйеуі танымал ауыратлет Вячеслав Ершовтың мәлімдеуінше, Майя тізгінге ие бола алмай, арыққа түсіп кеткен. «Денсаулығымыз қалпында, көлігіміз тек арыққа түсіп кетті» деді Ершов Vesti.kz порталына берген сұхбатында. Оның айтуынша, Манеза мінген көлік өзге ешкімге зиян тигізбеген.

«Қазір БАҚ өкілдері бұл жайтты жарыса жазып, бізді уайымдап жатқан көрінеді. Қауіпті ешнәрсе орын алған жоқ. Дін-аманбыз, тіпті жол көлік оқиғасы деуге де келмейді. Жәй, жүргізушінің болмашы қателігі. Көлік аздап зақымданды, оны жөндетуге беретін боламыз» дейді Ершов.

Естеріңізге салайық, күні кеше Алматыда ауыр атлетикадан Әлем біріншілігінде Майя Манеза 9-орын иеленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз