Маңызды инвестициялық жобалар жүзеге аспақ

35

0

 Жаңақорған. «2013 жылы Жаңақорған ауданы бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 2504, оның 181-і заңды тұлғалар, 591-і шаруа қожалықтары, 1732-і жеке кәсіпкерлер болып табылады.
 Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардағы жұмыспен қамтылғандар саны 5360 адамға жетіп, 6 млрд 350 млн теңгенің өнімдері, оның ішінде 5 млрд 902 млн теңгесіне өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, түрлі қызметтер көрсетілді. Бюджетке түскен салық 161,7 млн теңгені құраған. Алдағы жылдары, индустриялды-инновациялық дамудың екінші бесжылдығында ауданда бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Бүгінгі таңда жоба бастамашыларымен жобаларды нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Олар: «Шалқия ЦИНК ЛТД» ЖШС-кен байыту фабрикасын іске қосу, «Сырцемент» ЖСШ-нің қуаты жылына 700 мың тонна болатын цемент өнімін шығаратын зауыт құрылысы, қуаты 50 мВт күн электр станциясы, политэтилен трубалары зауыты, минералды тыңайтқыш зауыты секілді басқа да маңызды жобаларды іске асыру жоспарлануда»-деді бүгін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында өткен брифингте аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Н.Жаңабеков.

 

 

Маңызды инвестициялық жобалар жүзеге аспақ

 

Маңызды инвестициялық жобалар жүзеге аспақ

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз