МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

89

0

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫОблыстық тарихи-өлкетану музейінде «Үштілділік – жаңа заман сұранысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 
Шарада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша пікірталас болды. Дөңгелек үстелге «Әлімсақ» әдеби-мәдени, тарихи-танымдық журналының тілшісі Т.Абылаев, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің оқытушысы, магистр Т.Дүйсенова, №253 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ә.Көпешбаевалар қатысып, өз ойларымен бөлісті. Олар Елбасының әрбір тапсырмасында ел болашағының бағыт-бағдарына нақты көрсетілгенін айттты. 
Бәсекеге қабілеттілік, ұлттық код, ұлттық сана, ұлттық болмыс, латын қарпіне көшу, мамандарды жан-жақты дайындау арқылы білім сапасын жақсарту сияқты маңызды мәселелер талқыланды.
Нұрсұлу КҮЗЕМБАЕВА,
өлке тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз