МАҢЫЗЫ БАР КЕЗДЕСУ

52

0

   «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының төрағасы Аманкелді Арысбаевтың төрағалық етуімен «Жолаушылар вагондарын жөндеу» БПҰ мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясының ҚОФ төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов бастауыш партия ұйымдары өкілдерімен кездесті. 
    Кездесу барысында партияның жоба аясында атқарған БПҰ жұмыстары слайд арқылы көрсетіліп, алда өтетін «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауға қатысып, белсенділік танытуға шақырды.
    Кездесуге келген БПҰ-ның төрағалары өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Тендер мәселесі, вокзал жанындағы арықтарда аяқсу жүрмей қалу мәселелерімен қатар қала тұрғындары мен теміржолшыларға қатысты маңызы бар мәселелер көтерілді. «НОД-10» «Теміржолсу» «Денсаулық» БПҰ төрағалары «Кедергісіз келешек», «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында атқарған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық шараларын атап өтсе, «Рем ПВ», «Вокзал Сервис», «Денсаулық», «Транстелеком» БПҰ төрағалары мүшелік жарнаның 100 пайызын төлеп, жоспардан шығып отырғандықтарын тілге тиек етті.
    Кездесудің соңы партия қатарына қабылданған партия мүшелеріне билеттермен қатар аймақтық деңгейде өткізілген саяси менеджмент мектебінің сертификаттары табысталды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз