Үмбетаевтар отбасында үшем дүниеге келді

44

0

Үмбетаевтар отбасында үшем дүниеге келдіСырдария ауданы, Шаған ауылындағы Үмбетаевтар әулетінде үлкен жаңалық. Үстіміздегі жылдың 9 мамырында Ернұр, Арнұр, Ақнұр есімді үшем дүниеге есігін ашты. 
Балалардың әкесі Ербол Үмбетаев «Аралгаз» ЖШС жұмыс істесе, дүниеге үшемді аман-есен әкелген балалардың анасы Әйгерім Амзеева Тереңөзек кентіндегі №36 орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. Бұған дейін бұл отбаында 3 бала болатын, енді тағы 3 сәби қосылып аллаға шүкір барлығы алты бала болды. Ертең Қызылорда қаласындағы облыстық медицина орталығының нәрестелер бөлімшесінен үйге шығарылады. 
Үмбетаевтар отбасында үшем дүниеге келді
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз