Мәдина Сәдуақасова Instagram желісіне алғаш рет ұлының суретін жариялады (фото)

65

0

Мәдина Сәдуақасова Instagram желісіне алғаш рет ұлының суретін жариялады (фото)Таяуда босанған қазақ эстрадасының жұлдызы, әнші Мәдина Сәдуақасова тұңғыш рет Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына өзінің және баласының фотосуреттерін жариялады. 
Әнші әлеуметтік желіге бірнеше сурет орналастырған. Онда әріптестері, достары Қарақат Әбілдина және Маржан Арапбаева. Айгүл Иманбаевамен бірге түскен суреттері бар. Тағы бір суретінде екі айлық ұлы Әнуарды қолына алып түсіпті.
Бұдан бөлек, Мәдина өнерсүйер қауымға әлеуметтік желілердегі өзі туралы таратылған жалған мәліметтерге сенбеулерін өтінген және тек өзінің ресми парақшаларындағы ақпараттардың шындыққа жанасатынын айтқан.
Естеріңізге сала кетейік, маусымда Мәдина Сәдуақасова ұлды болған еді. Ал белгілі әншінің сүйген жары «Хабар» телеарнасында режиссер болып қызмет атқарады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз