
– Қалай десем екен?.. Роза Бағланова «Халық өзінің жақсы көретін әншісін аш қалдырмайды, тоңдырмайды және жаяу жүргізбейді» деген болатын. Расында, екінші рет тұрмысқа шыққанға дейін менде бәрі болды: Астананың орталығынан элиталы үй, түрлі қымбат әшекейлер, киім-кешек, бәрі-бәрі… бірақ, мен оған өзімді бай, бақытты сезінген жоқпын. Себебі кешке үйге келгенде мені сұп-суық бөлмелер қарсы алатын. Мені түсінетін, мені күтетін тірі жан жоқ… Кейде көз жасыма ерік беріп: «қашан менің өз отбасым болады екен?..» дейтінмін. Қазір менің жанымда күйеуім, балам, енем, екі қайным бар. Мейлі зәулім сарайда тұрмайтын шығармыз, бірақ бақытты болуымызға аядай болса да сол үш бөлменің өзі жеткілікті екен. Әр таңда ұлымның үйді басына көтере жылап оятқаны, бәріміздің соған азан-қазан болғанымыздың өзі сөзбен жеткізе алмас бір бақыт!
2. Олжаспен оны қосқан «оқыс оқиға» деген рас па?
– Осыған дейін еш жерде айтпаған едім, негізі оқиға былай болды: «Екі-үш жылдай бұрын Астанада жүрген кезімде кенет маған оқыс хабар жетті. Қоңырау шалып тұрған Алматыдағы пәтеріммен іргелес көршім екен: «Мәдина, сіздің үйіңіздің есігі ашық тұр, соған қарағанда, ұры түскен-ау» деді. Даусы дірілдеп тұр. Қапелімде не істерімді білмей сасқалақтадым да қалдым. «Құдай-ау, кімге айтамын, не істеймін?» деп тұрғанымда, неге екенін білмеймін, ойыма бірден Олжас түсті. Дереу ұялы телефонымдағы контактілер арасынан соның нөмірін тердім. Ол артық сөзге келместен, бірден айтылған адреске «ұшты». Артынша «Мәдина, өзіңе бекем бол, үй ішінің астаң-кестеңі шығып жатыр, ұры түсіпті» деді. Көндім. Не істей аламын. Бірақ мен ол «тонаудан» ештеңе жоғалтқан жоқпын, қайта өзімнің нағыз өмірлік серігімді таптым. «Мәссаған, бір ауыз сөзім үшін бар тірлігін тастап кірісіп кеткен адам, мені нағыз түсінетін адам осы уақытқа дейін менің жанымда жүрген екен ғой» дедім…
3. …Қабдеш Жұмаділовтің келіні ме?
– Ия, рас. Шынымды айтсам, қазақта мұндай жазушы барын білсем де, шығармаларын оқымаған екенмін оған дейін. Бала күтіп үйде отырған бір жылда, «өз айыбымды өтедім».
4.Әнші тағы жүкті ме?
– Мен жайлы мұндай ақпарат қайдан шыққанын білмедім. Әйтеуір елдер қоңырау шалып, хабарлама жазып, әр түрлі желілер арқылы құттықтап жатты. Тіпті өзім де «солай боп қалды ма, шынында» деген ойға қалдым. (күлді) Бірақ, ол тек жақсы сөз болды… Кім білсін?..
Автор: Мариям Жагорқызы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!