Медиация мәселесіне арналған кездесу

50

0

Медиация мәселесіне арналған кездесуҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты шеңберінде Қызылордада «Өзекті әлеуметтік мәселелерді медиация механизмдерін пайдалана отырып шешу» тақырыбында ҮЕҰ өкілдерінің кездесуі өтті. 
Грант иегері – «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ бүгінде халық бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді сақтауда медиация институтының мүмкіндігін кеңінен қолдану, мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы маңызды серіктестік тетігі мен диалог аумағын дамытуға бағытталған жобаны жүзеге асыруда. 
– Жоба аясында Қазақстанның барлық аймағында халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына арнап ақысыз құқықтық-медиаторлық көмек орталықтарын ашу, кәсіби және кәсіби емес медиаторларды оқыту жоспарланып отыр, – деді орталық басшысы Жанділдә Жақыпов. 
Кездесуде ҮЕҰ өкілдері зейнеткер, мүгедек, девиантты мінез-құлықты жасөспірімдер мен басқа да осал топтардың мәселелерін көтеріп, оларды шешу жолдарын қарастырды. 
Назерке САНИЯЗОВА
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз