Медициналық екпелерге діннің көзқарасы қандай?

56

0

Медициналық екпелерге діннің көзқарасы қандай?Қызылордада 5-12 тамыз аралығына жоспарланған семинарды облыстық Ақпараттық насихат тобының мүшелері жүргізеді және олар денсаулық сақтау қызметкерлеріне медициналық екпелерге діннің көзқарасы қандай екенін түсіндірмек, деп хабарлайды E-islam.kz.
Нақтырақ айтсақ, Қызылорда облыстық Дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Т.Әбуов, облыстық Дін істері басқармасының бас инспекторы Е.Есов және Қызылорда облысы Дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының бас маманы Қ.Мурзабеков өңір тұрғындарының діни сауатын арттыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында аудандардағы АНТ мүшелеріне «Қазақстандағы дәстүрлі дін: ерекшеліктері мен құндылықтары» тақырыбында семинар өткізу ұйымдастырып отыр. Семинар барысында ислам дініндегі рухани-моральдық құндылықтар мен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер жайлы сөз қозғалмақ.
Оған қоса, мораль мәселесіне баса мән беріліп, дін мен дәстүрдің асқақ адамгершілік ұстанымдарға негізделгені – әңгіменің өзегіне айналады. Айта кетейік, облыстық АНТ мүшелері осы сапарында денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне «Медициналық екпелерге діннің көзқарасы» тақырыбында кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз