Медициналық жаңа нысандар құрылысы жалғаса береді

59

0

Медициналық жаңа нысандар құрылысы жалғаса бередіТәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Қызылорда облыстық балалар
ауруханасы,  Жаңақорған аудандық емханасы пайдалануға берілсе, Қазалы
аудандық орталық ауруханасы мен 10 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы
басталады.  
    Қызылорда облысында 2016 жылдың 6 айында  8963 сәби дүние келді.
Табиғи өсім көрсеткіші 10,4-ті құрады, сәбилер өлімі – 1,5 есеге, ана
өлімі көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге  төмендеді.
    Бүгінде облыста   ауыр асқынулары бар әйелдерге арналған 30
төсектік   оңалту бөлім, 5 төсек орындық балалар гинекологиясы
бөлімшесі, аудандарда   жалпы саны 36 төсек орын балалар неврологиясы
бөлімшелері жұмыс істеуде.  1-деңгейлі босандыру бөлімдерін
құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 400 млн.
теңге көлемінде қаражат бөлінді.   
    Облыс бойынша 18 «дені сау бала және отбасын жоспарлау» кабинеттері
қызмет көрсетуде.  Жүкті әйелдерді ерте 12 аптаға дейін анықтау және
есепке алу   63%-дан 87,4%-ға көтерілді.
    Жүкті болуға абсолютті қарсы көрсеткіші бар әйелдердің анықталуы
1900-ден 3407-ге жеткізілді және 2386-сы контрацепциямен қамтылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз