Мекенжай анықтамасын алу жолдары

94

0

Мекенжай анықтамасын алу жолдарыҚазіргі таңда
жұмысқа орналасамын деген азаматқа немесе коммуналдық төлем төлеу үшін де,
сонымен қатар әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау кезінде де мекенжай
анықтамасын сұратып жатады. Осы тұрғыда анықтаманы алу үшін «Халыққа қызмет
көрсету орталығына» ұзын сонар кезекті күтпей-ақ үйде немесе жұмыс орыныңызда
отырып алуға мүмкіндік жасалған.

Қызметті онлайн
режимінде пайдалану үшін:

Порталда авторлану
және «Қызметке онлайн тапсырыс
беру» батырмасы бойынша өту.

Өтінімді толтыру
және ЭЦҚ қол қою (электрондық
цифрлық қолтаңбамен).

Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы»
тарауында өңделген анықтамамен танысужәне талап етілген жерге ұсыну.

Егер де жақын
туыстарына мекенжай анықтамасын алғыңыз келсе:Қызметті ХҚКО-да алу
(қажетті құжаттар):

1. Жеке тұлғалар үшін:

·көрсетілетін
қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру
үшін);

·нысан
бойынша өтініш (жақын туысқандарына мекенжай анықтамасын алу үшін);

·неке
туралы куәлік не туу туралы куәлік (мекенжай анықтамасын жақын туысқандарына
алу кезінде туысқандық байланыстарды растау үшін);

·жақын
туысқандарын қоспағанда, жеке тұлғаның осы адамға қатысты мекенжай анықтамасын
көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін нотариалды куәландырылған келісімі.

Заңды тұлғалар үшін:

· нысан бойынша өтініш;

· көрсетілетін қызметті
алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын сенімхат;

· оларға қатысты
ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға олардың жазбаша келісімімен мекенжай анықтамасына сұрау салынатын
жеке тұлғалардың ЖСН көрсетілген тізімі (мемлекеттік мекемелер мен
кәсіпорындардан басқа).

Кейбір жағдайларда мекенжай анықтамасында қате
немесе толық емес ақпарат берілуі мүмкін – мекенжайдың қате берілуі немесе
тіркеуге тұрған күн көрсетілмейді. Бұл жағдайда мекенжай мәліметтерін түзету
үшін өтінім беруші ХҚКО-ға барып, өтініш толтыруы қажет. Қажетті құжаттар: жеке
басын куәландыратын құжат, азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабының) түпнұсқасы
немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Мекенжай анықтамасындағы
мәліметтер толық болмаған жағдайда (мысал ретінде – тіркеуге тұрған күн
көрсетілмеген) мемлекеттік мәліметтер базасына нақтылық енгізу үшін ХҚКО-ның
көші-қон қызметіне жүгіну қажет.

Қызылорда қаласының №1 бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз