Мектеп ауласында 7000 түп гүл егілді

91

0

Мектеп ауласында 7000 түп гүл егілдіҚармақшы. Ауданның Жосалы кентіндегі А.Жанпейісов атындағы №105 қазақ орта мектебі басшылығының бастамасымен мектеп оқушыларын әсемдік пен әдемілікке, табиғатты сүюге үйрету мақсатында мектеп ауласын коркейту-көгалдандыру бойынша біршама жұмыстар атқарылуда.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылдың қазан-қараша айларында мектеп ауласын аударып, өңдеп, гүл егетін орынды дайындаған мектеп қызметкерлері мен оқушылары, қыс бойы бос йогурт қауашақтарын жинақтап, мектеп бөлмесінде ыңғайластырылған жылыжайда Орал қаласындағы «Беккер» фирмасынан арнайы алдырылған гүл тұқымдарын отырғызған. Қазіргі таңда астра, цинния, дихондра, омеля, питуния т.б. түрлі 7000-ға жуық гүл көшеттері мектеп ауласында орналастырылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз