Мектеп оқушылары арасында Ұлттық ойын түрлерінен спартакиада өтті

59

0

Мектеп оқушылары арасында Ұлттық ойын түрлерінен спартакиада өттіҚазақ хандығының 550 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында өткен
ұлттық ойындардың аудандық ІІІ спартакиадасы екі кезең бойынша
ұйымдастырылды. Бұл туралы Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі
хабарлады.

Аймақтық кезеңінде қатысушылар қазақша күрес, тоғызқұмалақ,
гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тартыс сынды ойын түрлері бойынша
бақ сынасты. 

Спартакиадаға ауданның 31 мектеп командасынан 930 оқушы қатысты.
Жарыс
қорытындысымен жалпы командалық есепте 67 ұпай жинаған №249
мектеп-лицей командасы бас жүлдені жеңіп алды. Ал 50 ұпай жинаған №24
мектеп командасы І орын, 39 ұпай жинаған №91 мектеп командасы ІІ орынды
иеленсе, ІІІ орынды №92 мен №266 мектеп командалары өзара бөлісті.
Жүлдегерлер аудандық білім бөлімінің дипломы және арнайы кубоктармен марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз