Мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагерімен кездесті

60

0

Мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагерімен кездестіЖеңісті жақындатқан жауынгер аталарымызға қандай құрмет көрсетсек те лайықты. Жайылма ауылында №195 орта мектепте Ұлы Отан соғысының ардагері Матенов Әйтімішпен кездесу өтті.

Бұл туралы Жаңақорған аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған шара оқушылар бойына отансүйгіштік қасиеттің қалыптасуына өзіндік септігін тигізді.
Жүздесу барысында қарт майдангер отты жылдардағы естен кетпес естеліктерін өрбітіп, бүгінгі жас ұрпақты бейбітшілік пен ынтымақтың қадірін білуге үндеді.

Ардагердің қан майдандағы жауынгерлік ерлігі ескеріліп Ұлы Жеңістің 20,30,50,65 жылдық мерекелік медалімен және Белоруссияның неміс басқыншыларынан азат етілгеніне 50 жылдық медалімен марапатталған. Сондай-ақ ол Еңбек және тың игеру ардагері. Бүгінде 7- ұл-қыздан өрбіген 27-немере,18-шөбересінің арасында бақытты да баянды ғұмыр кешуде.

Шара соңында білім ошағының басшысы Жанат Жүсіпова ардагерді ардақтап шапан жауып, сый-сияпаттарын табыстады,делінген хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз