
Аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Кенжехан Есенбаевтың айтуынша, Әбдіқадыр құран оқуды Түркістан қаласындағы «Асанбай ата» мешіт медресесінен үйренген. Медреседе 5 жылдан астам білім алған бала, өзінің зеректігімен құранды толық жаттап, бүгінде қари атанып отыр. Жаста болса қазірде ол аудандық «Оқшы ата» орталық мешітінде шәкірттерге құран оқудан дәріс өткізуде.