Мектеп те, емхана да ашылды

51

0

Мектеп те, емхана да ашылдыАстана күніне орай 5 шілдеде Шиелі ауданында 1200 орындық мектеп және Сырдария ауданында 250 орындық емхана ашылды. 
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2012 жылы құрылысы басталған Шиеді ауданындағы білім ошағы республикалық бюджеттен бөлінген 1 миллиард 616 миллион теңгеге салынды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев, басқарма басшылары, аудан ақсақалдары қатысты. 3 қабаттан, 8 бөліктен тұратын зәулім мектептің бас мердігері «Бақ-Жай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жаңа білім ордасында 5 компьютерлік сынып, 3 шеберхана, 1 мәжіліс, спорт залы және асханасы бар, білім ошағы барлығы заман талабына сай жасақталды.
– Кезекті оқу жылына балалар жаңаша көңіл күймен келетін болды. Оның үстіне оқушылардың қуанышы Астана күніне сәйкес келіп отыр. Астана жастардың қаласы. Елдің ертеңгі өрендері бар жағдай жасалған мектепте білім алулары керек. Ұстаздарға да артылар жүк жеңіл емес, – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Сондай-ақ осы күні Сырдария ауданында 250 орынға лайықталған емхана ашылды. Бас мердігер – «Құрылыс Консалтинг» ЖШС-гі. Заман талабына сай жабдықталған аудандық емхана тұрғындардың денсаулығын жақсартатын болады. Мұнда 32 дәрігер, 128 аяжан қызмет етпек. Аймақ басшысы ақ халаттыларды Астана күнімен құттықтап, денсаулық нысанның лентасын салтанатты түрде кесті. Денсаулық сақтау саласының ардагері Кенжебек Бәйімбетов алғысын жеткізіп, жасалып жатқан игі істерге ризашылығын білдірді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз