Мемлекет басшысы нан бағасын реттеуді тапсырды

46

0

Мемлекет басшысы нан бағасын реттеуді тапсырдыКӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Президент Нұрсұлтан Назарбаев нан құнын нарық бағасына сай реттеуді ұсынды.

«Біз
нан мен бағаның қолайлы болуы үшін тұтынушыларды субсидиялауымыз
қажет. Қазір ол қолайлы емес. Сонда ғана сіздер ақшаға қол жеткізетін
боласыздар», – деді Мемлекет басшысы Ақмола, Қостанай және Солтүстік
Қазақстан облыстары әкімдерінің қатысуымен өткен ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілермен өткен кездесуде.

«Одан да біздің айлығы төмен мамандарға ақша
беріп, көмектескеніміз дұрыс. Батыста осындай жағдай. Оларды ешкім
бақыламайды. Нарық өзі бағаны анықтайды. Ал, біз болсақ, кеңестік
кезеңдегі әдеттен арыла алмай келеміз. Иә, әрине, халықтың табысымен
санасуға тура келеді», -деді Мемлекет басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз