Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жайы

64

0

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жайыОблыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Сырдария, Жалағаш аудандарында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 
 Оған қор директоры Жандос Тұсмағамбетов, жоба жетекшісі Қайрат Жанұзақ, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Сырдария аудандық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Салтанат Бекжүнісова мен Жалағаш аудандық бөлімінің басшысы Мағауия Арапов қатысып, тақырып төңірегіндегі баяндамамен бөлісті. Тиісті ақпараттар тұрғындар назарына ұсынылып, қойылған сауалдарға мардымды жауап берілді. 
М.СНАДИН.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз