Мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары бұқарамен байланыс жасаудың канадалық үлгісін үйренеді

62

0

Мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары бұқарамен байланыс жасаудың канадалық үлгісін үйренедіЕліміздегі мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары жаңа коммуникациялық технологияларды меңгеріп жатыр. Билік пен жұртшылық арасында байланыс орнату үшін әлеуметтік желіні белсенді пайдалана бастаған. Бұл туралы  «Мемлекеттік органдардың стратегиялық цифрлы коммуникациялары» атты семинарда айтылды.
Орталық және аймақтық биліктің баспасөз хатшылары тәжірибе алмасу үшін осы семинарда бас қосты. Бұл жолы бұқарамен байланыс жасаудың канадалық үлгісін үйренбекші. Осы саланың «майын ішкен» Канаданың мемлекеттік сектордағы маркетинг бойынша озық тәжірибе орталығының басқарушы серіктесі әрі аға кеңесшісі Майк Куджаски өз құпиясымен бөліспекші. Екі күндік семинарда қатысушылар әлеуметтік желілер арқылы жұртшылықты хабардар етудің тиімді әдіс-тәсілдерімен танысады.
Әлихан Байменов, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы: – Мемлекеттік органдардың ақпарат қызметін заманауи талаптарға сәйкестендіруді қажет етеді. Бұл өз кезегінде баспасөз қызметкерлерінің қазіргі технологияларды меңгеріп, мемлекеттік органдардың қабылдайтын шешімдерін дұрыс, уақтылы халыққа жеткізіп, мемлекеттік саясатқа деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Бауыржан Шамшат, Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы: – Мемлекеттік органның қызметі көбінесе халыққа ашық емес сияқты көрініп жатады. Осы екі ортадағы байланысты реттейтін жүк баспасөз хатшыларына артылады. Осы семинар барысында әлеуметтік желімен, бұқарамен жұмыс, мемлекеттік органдардың жұмысын тиімді насихаттау шараларын тәжірибе жүзінде үйренеміз деген ойдамын.
ХАБАР24 арнасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз