Мемлекеттік рәміздер стандартқа сай қолданыла ма?

60

0

Мемлекеттік рәміздер стандартқа сай қолданыла ма?Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен
мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі тапсырмасына сәйкес, қыркүйек-қазан айларында
облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы
бірлесе отырып, мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай қолданылуына тексеру
жұмыстарын жүргізген болатын. Тексеру барысында кейбір мемлекеттік мекемелерде
мемлекеттік рәміздердің орналасу тәртібі және түр-түсінің оңып кетуі, Елтаңба
мен Тудың бір деңгейде тұрмауы, кабинеттегі мемлекеттік рәміздердің терезе
алдына орналасуы сияқты бірқатар кемшіліктерге жол берілгені анықталған.

– Әрбір тәуелсіз ел мемлекеттік Туының, Елтаңбасының,
Гимнінің мәртебесін көтеріп, оны кеңінен насихаттауы тиіс. Себебі, мемлекеттік
рәміздер – саяси тәуелсіздіктің және егемендіктің нышаны, елдігіміздің ең басты
белгісі,– деген облыс әкімі Қырымбек Көшербаевбұл бағыттағы жұмыстар ерекше
бақылауда болып, жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы керектігін айтты.Тексеру
қорытындысымен анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылдауды
тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз