«Мемлекеттік сатып алу веб-порталымен жұмыс жасауды үйрену»

46

0

Кеше Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Әлеумет» әлеуметтік жобасы  аясында «Қазақылықтың атамекені» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Мемлекеттік сатып алу веб-порталымен жұмыс жасауды үйрену» атты семинар-тренинг өтті.
Шара үкіметтік емес ұйымдарғаарналған мемлекеттік сатып алу веб-порталымен жұмыс жасауды үйрену бағытында семинар-тренинг  ұйымдастырылды.
Семинар-тренингке Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдары және олардың өкілдері  қатысты. Шара барысында үкіметтік емес сектор өкілдері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жарияланған конкурстарға құжаттар салды. Атап айтқанда, «Ару Ана» және «Көкжиек» қоғамдық ұйым жетекшілері оқу курсы барысында алған білімдерін іс-жүзінде өздері жасап көрді. Сонымен қатар, ұйымдастыру тараптан қатысушыларға арнайы мемлекеттік сатып алу веб-порталына қажетті ақпараттар жинақталған бағдарламалар материалдармен қамтамасыз етілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз