Мемлекеттік Тудың авторы Шәкен Ниязбеков дүниеден озды

63

0

Мемлекеттік Тудың авторы Шәкен Ниязбеков дүниеден оздыАлматыда Қазақстанның мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбеков 76 жасқа қараған шағында  өмірден өтті. Қоғам қайраткерімен қоштасу рәсімі 18 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы мұражайда өтеді.
Шәкен Ниязбеков 1938 жылы 12 қазанда Жамбыл қаласында (Тараз) туған. Ленинградтың В.И.Мухин атындағы жоғары көркем-өнеркәсіптік училищесін тәмамдаған. Ол кезінде мемлекет және қоғам қайраткері, Алматының «Құрметті азаматы» деген марапатқа лайық деп танылды. 1992 жылы Шәкен Ниязбеков Қазақстанның мемлекеттік туының авторы атанды. Сондай-ақ, Алматы қаласының таңбасы мен Бауыржан Момышұлы монументінің де авторы еді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ өнерінің көрнекті өкілі, суретші Шәкен Ниязбековтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. 
Нұрсұлтан Назарбаев Ш.Ниязбековтің отандық көркем өнердің дамуына, туған елінің өркендеуіне зор үлес қосқан тұлға екендігіне тоқталған. 
«Тума талант ретінде ол жұмыстарын патриоттық рухта жазды. Оның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы болуы – өз Отанын шексіз сүйгендігінің көрінісі», – делінген жеделхатта.
Соңында Мемлекет басшысы суретшінің жарқын бейнесі тәуелсіз еліміздің жадында мәңгі қалатынын атап өткен.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз