МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

40

0

 Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында мемлекеттік қызметтің 3 түрі көрсетіледі. Солардың ішінде «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы,         сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігіндегі сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бар.

 «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігіндегі сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №529 бұйрығымен, ал регламенті облыс әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №360 қаулысымен бекітілген. Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Мемлекеттік корпарация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы қызметті берушіге немесе мемлекеттік корпорацияға құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ веб-порталға жүгінген кезден бастап 3 жұмыс күн ішінде қызмет көрсетіледі.

         «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы рұқсат алу үшін, ең алдымен тіркелу сайтына (www.egov.kz) кіріп, түстік шешімі бар обьектінің эскизін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысаны бойынша сұрау салу қажет.

Ал мемлекеттік корпорация арқылы рұқсат алу үшін, көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпарацияға жүгініп  рұқсат алуға өтініш беріп, одан әрі (қағаз түрінде немесе электронды) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін тапсырады.

 Тапсыратын құжаттар тізбесі;

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2. Түстік шешімі бар обьектінің эскизі;

3. Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

Аталған құжаттар тізімі толық болған жағдайда, жарнама орналастыруға рұқсат беру нәтижесі Мемлекеттік корпарация және www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Егер құжаттар толық болмаған жағдайда, қызмет көрсетуші қызмет көрсетуден бас тартуға мәжбүр болып табылады яғни, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы қолхатпен дәлелді жауап береді.

Аталған  мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық және қағаз түрінде болады.

Негізінен, көрсетілетін қызметті беруші – ҚР еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес 13.00 – ден бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліс, ал дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейінгі уақытта қызмет көрсетіледі.      Сонымен қатар, басқармада 2017 жылдан бастап көрсетілетін қызметтер тізіліміне қосымша 4 қызмет енгізілуде. Оның ішінде;

 Қызмет өңірі шегінде механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кестесін келісу.

Тұрақты республикаішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлік беру.

Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау.

Көлік қызметі субьектілерін олардың жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы обьектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан аттестаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз