Мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлер мәселесіне немқұрайлы қарамауы тиіс – А. Тұртаев

57

0

Мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлер мәселесіне немқұрайлы қарамауы тиіс - А. ТұртаевМемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлер мәселесіне немқұрайлы қарамауы
тиіс, деді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің отырысында Кеңес төрағасы, ҚР
Парламенті Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев.

Кеңес төрағасының
мұндай мәлімдеме жасауына отырыста кәсіпкерлердің бірнеше жыл қатарынан
шешілмей келе жатқан өзекті мәселесі қаралып жатқандығына қарамастан,
Қызылорда қаласы әкімдігі тарапынан шешім қабылдай алатын жауапты
басшылардың қатыспауы себеп болды.

Жыл басынан бері Кәсіпкерлердің құқығын қорғау
кеңесінің 6 отырысы өткізілді. Кеңес отырысында қаралған 18 мәселе
бойынша 16 кәсіпкердің құқығы қорғалған.

Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары
Дархан Мырзалиев отырыстарда қаралған мәселелерді прокуратура,
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірге жүзеге асыру
нәтижесінде 7 лауазымды тұлға тәртіптік шараға тартылғандығын жеткізді.

Дархан Мырзалиев кәсіпкерлердің мәселелерін
қарастыруда жергілікті атқарушы органдарға сұраныс хаттардың
жолданғандығына қарамастан, Қызылорда қалалық жер қатынастары, сәулет
және қала құрылысы бөлімдері тарапынан жиі жауапсыз қалдырылатындығын,
нәтижесінде бұл жайттың кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарау
мерзімі сақталмауына әкеліп соғатындығын айтты.

Бұл мәселеге қатысты Кеңес төрағасы Алмас Тұртаев: «Кәсіпкерлер – өзін ғана
емес, басқа да азаматтарды жұмыспен қамти отырып, ел қазынасына қаржы
құйып, сол арқылы мемлекеттік қызметкерлердің жалақы алуына жағдай жасап
отырған қоғамның белсенді тобы», – дей келе, отырыс қорытындысымен
кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді
болдырмау үшін жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарына ішкі
бақылауды күшейту қажеттілігі туралы қала әкімдігіне ұсыныс жолдауды
тапсырды.

Алдағы уақытта бұл шарадан да нәтиже шықпаса, кәсіпкерліктің дамуына
кедергі келтіріп отырған тиісті қызметкерлердің аты аталып, түсі
түстеліп, қоғам назарына ұсынылатын болады, деп хабарлайды облыстық
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз