Мемлекеттік қызметшілердің 37 пайызын экономистер құрайды

56

0

Мемлекеттік қызметшілердің 37 пайызын экономистер құрайдыҚызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілердің 3216-сы жоғары білімді мамандар саналады. Олардың арасында 465-і екі және одан да көп диплом алған мамандық иелері болып отыр.
Облыстық коммуникациялар орталығында өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті-тәртіптік кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев осылайша мәлім етті. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілер арасында 4 ғылым докторы, 14 ғылым кандидаттары бар. Олардың жас құрамы бойынша тоқтала кететін болсақ, жалпы мемлекеттік қызметшілердің 35 пайыздайын 30-40, төрттен бір бөлігін 40-50, тағы ширек бөлігін 50 жастағылар құраса, қалғанын 30-ға дейін жастар еншілейді. Қызметкерлердің орташа жасы 41-ді құрайды. Жоғары білімді мемлекеттік қызметшілердің 37 пайызын экономистер құраса, заңгерлер 18, техникалық мамандық иелері 11,5 пайызды құрайды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз