Мемлекеттік қызметшілердің спартакиадасы мәресіне жетті

60

0

Мемлекеттік қызметшілердің спартакиадасы мәресіне жеттіҚызылорда облысының дене
шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, 22
қыркүйек – 3 қазан аралығында Қызылорда қаласында облыс әкімінің жүлдесіне
арналған
мемлекеттік және ведомство қызметкерлері
арасында спартакиада аяқталды. Биыл он тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған жарысқа 23
команда, мыңнан аса мемлекеттік кызметшілер спорттың 10 түрінен сынға
түсті.

Спартакиаданың мақсаты – Елбасының
әр жылғы жолдауында атап көрсетілгендей бұқаралық спортты одан әрі дамыту, мемлекеттік
және ведомство қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды
насихаттау, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, достық
қарым-қатынасты нығайту.

Спартакиаданың қорытындысы
бойынша жалпы командалық есепте 1-топ бойынша облыстық төтенше жағдайлар
департаментінің қызметкерлері өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. Екінші
орынды 2019 әскери бөлімі, үшінші орынды облыстық білім басқармасы иеленді.

2-топ бойынша қала әкімінің аппараты үздік шықса, облыстық салық
департаменті II орынды, облыс әкімінің аппараты III орынды еншіледі.

Спорттың әр түрінен жеңіске жеткен және жүлдегер
командалар естелік сыйлықтар, дипломдар табысталса, жалпы есепте жеңіске және
жүлдеге ие болған командалар ауыспалы кубок, дипломдармен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз