Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау бүгінгі күн талабы

82

0

Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау бүгінгі күн талабыТехникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар өткізудің мақсаты – мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар және осы бағыттағы Қазақстан Республикасының заңнамалары талаптарын бұлжытпай орындауды қамтамасыз ету болып табылады.
Мәжілісті Техникалақ реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Кеулімжаев ашып, Қазақстан Республикасының 23.11.2015 жылғы №416 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және 18.11.2015 жылғы №410 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптары туралы тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің заңнамалар талаптары бойынша білімдерінің деңгейін көтеру, оларды бұлжытпай орындау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтауы және мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу мәселелеріне тоқталып өтті.
Өз сөзінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы М.Искаков, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасы бойынша кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жоспарына сай, мемлекеттік қызмет саласында өзгерістерге, осы жоспарға сай өткізілген «Б» корпус мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кешенді аттестациясы, мемлекеттік қызметте болу кезіндегі шектеулер, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін факторлар туралы түсініктемелер берді. Сонымен қатар, елімізде болып жатқан сыбайлас жемқорлық көріністері туралы слайд, бейнеролик көрсетіліп, таныстырды.
Семинар қорытындысымен қатысушылар мемлекеттік қызмет саласы бойынша өз ойларында жүрген сұрақтар мен пікірлерді, проблемалық мәселелерді ортаға салып, талқылау жүргізілді. Талқылау қорытындысымен берілген ұсыныстар уәкілетті органға жолданатын болды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз