Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру тиімді қызмет кепілі

51

0

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру тиімді қызмет кепіліХалыққа қызмет көрсету орталықтарының ең негізгі мақсаты – сапалы қызмет көрсету. Қазіргі күні мемлекеттік қызмет көрсетулерді автомат­тандыру және оңтайландыру ба­ғытында бірқатар мемлекеттік ор­гандармен біріге белсенді жұмыс істеудеміз. Мемлекет басшысы­ның тапсырмасына сәйкес ағым­дағы жылдың соңына дейін әлеу­меттік – маңызды қызмет көр­сетулердің 60 пайызын элек­трондық нұсқаға көшірілуі ке­рек. Автоматтандыру үдерісі барысында қандай да бір қызмет түрін ұсыну кезінде азаматтардан талап етілетін көптеген құжат кө­шірмелерінің тіптен қажет еместігі анықталды. Өйткені бұл ақпа­раттарды электрондық деректер қорынан алуға болады.
Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарында
Электрондық Үкімет Порталы көмегі арқылы мемлекеттік органдарға жүгінуіне байланысты күнделікті мыңдаған мәселелерді шешуге, яғнимекен-жай туралы анықтама,зейнетақы аударымдары туралы жазба алу,коммуналдық қызметтерді төлеу,баланы бала-бақшаға кезекке қою,дәрігер қабылдауына жазылусияқты көптеген мемлекеттік қызметтерді алуға болады.www.egov.kzарқылынекеге тұруға өтінішберуге немесе бала тууды тіркеу қызметін пайдалануға болады. Жүргізушілер – жол қауіпсіздігі ережелерін (ЖҚЕ) бұзғаны үшін айыппұлтөлеуіне, ал кәсіпкерлер -өз бизнесін тіркейнемесесалық төлеуіне мүмкіндік алаалады.
Портал қызметтеріне қолжетімділік алу үшін пайдаланушыда электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) талап етіледі, ол дәстүрлі қолтаңбаның аналогы болып табылады.
Қазіргі уақытта Республика бойынша ХҚКО-ның филиалдары мен бөлімдерінде электрондық сандық қолтаңба беру жұмыстары жүргізілуде. Электрондық сандық қолтаңба алған әрбір азаматқа өзінің тұрғылықты мекен-жайынан шықпастан жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін алуларына мүмкіншілік береді.
Қазіргі таңда, аудан тұрғындары электрондық үкімет порталынан эсқ арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін, оқып-үйренуіне толық мүмкіншілік жасалып отырғанын түсіндіре отырып, аудан тұрғындарын ХҚКО-да орналасқан электрондық үкімет бұрышынан қазіргі заманның технологиясын оқып-үйренуге шақырамыз.
Қызылорда қаласының №1 бөлімі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз