Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы Заң жобасы талқыланды

53

0

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы Заң жобасы талқыландыҚызылорда
облысының кәсіпкерлер палатасының бастамасымен 
Палатаның бизнес алаңында  Өңірлік
кәсіпкерлер кеңесінің XVI отырысы өтті.

Өңірлік Кеңес отырысына
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Қожаниязов, «LAC Holding» компаниясының жобалар кординаторы Дмитрий
Софронов, Қазақстандық
мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының Басқарма Төрағасы Азамат Ойнаров
пен Төраға орынбасары  Ғалымбек Мамраев,
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров,
Өңірлік Кеңес Төрағасы Асқар Махамбетов және кеңес мүшелері мен мемлекеттік
орган басшылары қатысты.
Кездесуге қатысушылар аймақта
мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылатын жобалар легін,
соның ішінде Қызылорда қаласында колледж ғимаратының құрылысы бойынша әңгіме
қозғады. Сондай-ақ, тараптар МЖӘ жобаларын жүзеге асырудағы кәсіпкерлердің рөлі
мен белсенділігі, жеке қаржы бастамасы, мемлекеттік қолдау шаралары, сонымен
қатар МЖӘ туралы заң жобасына қатысты сұрақтарды талқыланды. Айта кету керек,
бүгінгі таңда МЖӘ туралы жаңа заң жобасы әзірленген. Заң жүзінде
инвесторлардың,  кәсіпкерлердің
құқығын  барынша қорғау жоспарланып отыр.  Құжат жобасы аймақтық жобаларға, немесе МЖӘ
кіші формаларына, институционалдық МЖӘ, Мемлекет және кәсіпкер арасында
бірлескен кәсіпорындарды құруға, келісім-шарттардың жаңа түрлерін жасасуға
бағытталған. МЖӘ Орталығының басшылығы бизнес пен үкіметтік емес ұйымдарды,
квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік органдарды МЖӘ туралы жаңа заң жобасын
кеңінен талқылауға шақырды.
Естеріңізге
салайық, ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Қызылорда облысының әкімдігі,
«Қазақстандық мемлекеттік – жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ, «Халықаралық
 қаржы корпорациясы» және «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ арасында өзара түсіністік
туралы меморандумға қол қойылған болатын. Меморандум өңірдің инвестициялық
тартымдылығын арттыруға, бірлескен жобаларды іске асыруды қолдау арқылы
мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасын нығайтуға зор ықпал етеді. Бұл шараны Қызылорда облысының кәсіпкерлер
палатасы жергілікті бизнесмендерді тарта отырып, өз деңгейінде өтуіне барынша
күш салуда. Мемлекеттік жеке әріптестік бойынша колледж құрылысына қызылордалық
бизнесмендер қызығушылық танытты. Жыл соңына дейін өкілдер қайта кездесіп, бұл
мәселені тереңірек талқылайтын болып келісті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз