Мереке шымылдығы бесік жырымен түрілді

45

0

Мереке шымылдығы бесік жырымен түрілдіАрал, Көктемнің алғашқы мерекесі саналатын 8-наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай аудандық мәдениет Үйінде «Әйел, Ана – Тіршілік» атты салтанатты жиын өтті. Жер-Ана бусанып, тіршілік біткен қайта жаңаратын әдемі мерекенің шымылдығы тал бесікті тербеткен ананың мейірлі махаббатқа толы әлдиі-бесік жырымен түрілді. 
Маңызды шарада сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Оразбаев жүз жылдық тарихы бар көктем мерекесінде асыл аналарымыз бен аяулы аруларымызды құттықтады. 
Мұнан соң батыр аналарды «Күміс» алқамен марапаттап, түрлі салаларда еңбек ететін қыз-келіншектерге аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Алдаберген Жоланов ауданның әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан ерен еңбектері үшін бірқатар аруларымызды Құрмет грамотасымен марапаттады. 
«Кең тынысты жыршылар өсиетке толы термелер орындаса, «Ақтолқын» би ансамблі мың бұрала би билеп, көпшілік қошеметіне бөленді. Қазанғап атындағы ұлт-аспаптар оркестрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері М. Сыдықов және ел мақтанышына айналған Ш. Қалдаяқовтың туындыларын орындады» деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз