Мерекеге орай жиналыс өтті

76

0

1 желтоқсанда Жаңақорған ауданының гарнизоны қызметкерлерінің қатысуымен  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне» орай жиналыс өткізілді. 

Жиналыс барысында Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау падполковнигі Б.Омаров қызметкерлерді мереке күнімен құттықтап, жұмыста табыс, отбасыларына береке, бақыт тіледі. Сондай-ақ,  Мемлекет басшысының өмірі мен қызметіне арналған көркем фильмнің ұжымдық көрсетілуі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін» мерекелеу барысында №10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау прапорщигі Ә.Жақсыбеков «Үздік өрт сөндіруші-құтқарушы» төс белгісімен, бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы М.Жұбаниязов пен қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны М.Белсенбаев Жаңақорған ауданының әкімі Ғ.Әміреевтің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Жаңақорған ауданы ТЖБ 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз