Мерей Медетов – байдарка және каноэде есуден Азия чемпионы

46

0

 Шанхай (Қытай) қаласында байдарка және каноэде есуден жастар арасында өткен Азия чемпионатында қызылордалық спортшылар 2 жүлдені иеленді.
Жоғары спорт шеберлігінің тәрбиеленушісі, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Мерей Медетов 200 метр қашықтықта каноэ – екілік бәсекесінде Азия чемпионы атанды.
№5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы, ҚР спорт шебері Алтынбек Қожахмет 1000 метр қашықтықта каноэ – бірлік сынында қола жүлдеге ие болды.
Спортшыларды жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұхитдин Мейірбеков дайындады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз