МЕРЕЙЛІ КЕЗДЕСУ

90

0

МЕРЕЙЛІ КЕЗДЕСУЖуырда Әйтеке би кентіндегі Е.Бозғұлов атындағы № 249 мектеп-лицейде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» сыйлығы, «Құрмет» орденінің иегері, республикалық «Денсаулық» журналының редакторы Молдахмет Қаназбен «Армандай алыс жағалау» атты кездесу кеші болды.
Кешті мектеп мұғалімі, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері, ақын Сапар Абдулла жүргізді. Ол Молдахмет Қаназдың шығармалары мен өмірдерегіне шолу жасап, салиқалы сұхбат құрды. Жүргізушінің сұрақтарына юмормен жауап берген жазушының ой толғаулары мен орамды ойлары оқырман ойынан шықты. Оқушылардан құралған драмалық топтың өнерлі өрендері қаламгер шығармаларынан үзінділерді сахналады. Жиналған жұрт жазушы мен оқырман байланысы туралы ойларын ортаға салып, пікір алысты. 
Қаламгердің 75 жасқа толуына орай ұйымдастырылған кеште жазушының туған жері, Арал ауданы Бекбауыл ауылының әкімі Темірхан Тынымбаев пен жазушы оқыған мектептің қазіргі директоры Табанбай Сәрсенбаев сый-сияпат жасады. №249 мектеп-лицей директоры Күлзипа Нахан мерейтой иесіне шапан жапты. Жазушы мектеп ұжымына «Жанқожа батыр» зерттеу мақалалар жинағы мен ақын Орнықбай Сұлтановтың «Жанқожа батыр» дастанын тарту етті. Кеш барысында оқушылар әсем әндер орындап, кештің әрін кіргізді. 
Қ.ЕСЕКЕЙ, 
Қазалы ауданы. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз