Мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды іріктеу тетіктері мен талаптары күшейтілді

60

0

Мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды іріктеу тетіктері мен талаптары күшейтілді Қазақстан әскеріне шақырылған азаматтарды іріктеу тетіктері мен талаптары күшейтілді. Қазіргі таңда жаңа шақырылған 4 азаматтың 1-еуі ғана денсаулығы жағынан іріктеуден өтетін болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР  ҚК Бас штабының ұйымдастыру- жұмылдыру жұмыстары Департаментінің басшысы, генерал-майор Мүсілім Дайыров хабарлады. 
«1999-2000 жылдары дүниеге келген 16 мыңға жуық азаматтарды  биылғы жылы Қарулы күштерге және басқа да Қазақстан Республикасының әскери құрамаларына шақыру жоспарлануда. Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 наурыздағы №449 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қаулысына сәйкес әскерге шақыру басталады»,-деді Мүсілім Дайыров. 
Мүсілім Даирбаевтың мәлімдеуінше, әскери құрам аумақтық қағидасы бойынша жүзеге асырылады. «Яғни әскерге шақырылған азамат өзге аймақтарға мерзімді әскери қызметін өтеу мақсатында жіберіледі. Жастарды әскери бөлімшелерге іріктеу мен жіберу кезінде азаматтардың мамандықтары міндетті түрде ескеріледі»,-деді Мүсілім Дайыров. 
Сондай-ақ, генерал-майор биылғы жылы көктемде азаматтарды әскерге шығарып салу рәсімі аудан және қалалардың орталық алаңдарында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен салтанатты жағдайда өтетінін жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз