Мейвезер Головкин-Альварес жекпе-жегі жайлы бұрынғы пікірінен айнып қалды

62

0

АҚШ-тың аты аңызға айналған, танымал боксшысы кіші Флойд Мейвезер (49-0, 26 КО) Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.kz Sport.kz-ке сілтеме жасап.
– «Канело» – GGG? Мықтысы жеңсін. Маған «Канеломен» рингті бөлісуге тура келді. Онда мен басым түстім. Бірақ соған қарамастан ол алапат күшке ие боксшы. Шынына келгенде мен оның Головкинмен жекпе-жегі қолайлы уақытта болып жатыр деп айта алмаймын», – деді Мейвезер Fighthype.com сайтына берген сұқбатында.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін кіші Флойд Мейвезер Головкин-Альварес жекпе-жегінде мексикалық боксшының жеңіске жететіндігін айтқан. Сондай-ақ, ол Геннадий Головкинді өте баяу қимылдайды деп сынаған болатын.
Айта кетейік, 16 қыркүйекте Геннадий Головкин мен Сауль Альварес Лас-Вегас қаласында қолғап түйістіреді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз