«Мүгедектердің құқықтары қорғалады» мақаласына орай түсіндірме

72

0

«Мүгедектердің құқықтары қорғалады» мақаласына орай түсіндірмеҚызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Сыр бойы» газетіне (13.06.2017 ж №87) жарияланған «Мүгедектердің құқықтары қорғалады» мақаласындағы 12 мүгедек адам, оның ішінде 5 мүгедек бала қамтамасыз етілген жетек-арбалардың олардың дене пішіміне, жас мөлшеріне сәйкес келмейтіндігі жөнінде ақпарат туралы келесіні хабарлайды.
«Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22.01.2015 жылғы №26 бұйрығына сәйкес Қызылорда облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының қорытындысы бойынша мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы әзірленеді.
Қызылорда облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларымен мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламаларында жетек-арбалардың нақты өлшемдері, оның ішінде, биіктігі, енінің өлшемі, салмағы, төменгі және жоғарғы бөлшектерінің ені, рұқсат етілетін жүк салмағының көлемдері көрсетілмеген.
2017 жылы Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы 12 мүгедек адам, оның ішінде 5 мүгедек балаға Басқарма тарапынан техникалық ерекшеліктерге сәйкес сатып алынған жетек арбалар берілген.   
2017 жылдың 14 маусымында жоғарыда аталған мәселе бойынша Басқарманың, Сырдария аудандық прокуратурасының және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастырылған арнайы семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңестің қорытындысымен Қызылорда облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларына мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу барысында мүгедек балаларға берілетін жетек-арбалардың нақты өлшемдерін көрсету ұсынылды.

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы Г.Абдикалыкова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз